Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер жасөспірімдер арасында спорттық турнир ұйымдастырды

Алматы облысында полицейлер жасөспірімдер арасында спорттық турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткіге қарсы айлық аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері облыстық білім басқармасымен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданының жастары үшін спорттық іс-шара өткізді.

Спорттық турнир «Тау жанашар» балалар белсенді демалыс орталығында өтті. Іс-шараға 150-ге жуық жасөспірім қатысты.

– Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға шақыру, жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІҚБ ЕТЖ аға жедел уәкілі Алтын Темірғалиева.

Жастар арқан тарту, жүгіру, секіру және басқа да көптеген қызықты жарыстарда бақ сынасты. Сонымен қатар волейболдан шағын турнир өтті.

Спорттық жарыстардан басқа, балаларға есірткі қолданумен бетпе-бет келген жасөспірімдердің өміріндегі қайғылы жағдайлар, синтетикалық заттарды қолданатын жастардың трагедиялары туралы шынайы оқиғаларға негізделген бейнематериалдар көрсетілді. Сонымен қатар ақпараттық брошюралар таратумен дәріс өткізілді.

– Жастық шақтағы қателік салдары болашағына нұқсан келтіру мүмкін. Біздің міндетіміз, әрбір бала біздің болашағымыз екенін жеткізу. Болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мемлекет үшін өте маңызды. Жастар өздерін қалай қорғау керектігін білуі керек. Біз, өз кезегінде, олар мұны түсінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деп толықтырды А.Темірғалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру