Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада түнгі клуб келушісінің телефоны ұрланды

Елордада түнгі клуб келушісінің телефоны ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есіл ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы жігітті анықтады.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, түнгі клубта оның Iphone 14 телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Тергеу барысында, жәбірленушінің түнгі уақытта көңіл көтеру мекемесінде бос уақытын өткізгені анықталды. Оның назары басқа жаққа алданып тұрған сәтте, күдікті үстелдің үстінде жатқан құны 500 мың теңге тұратын телефонды жасырын алып, клубтан шығып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, жігіттің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру