ШҚО полицейлері жарты килограмм марихуананы үйде сақтаған тұрғынды анықтады
ШҚО полицейлері жарты килограмм марихуананы үйде сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен тұрғыны есірткіні заңсыз сақтаған деген күдікке ілінді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шаралары барысында облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын анықтады, оның пәтерінен есірткі заты тәркіленді.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 506,45 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.