Ақтөбе облысында полиция артық жолаушы тасымалдаған автобус жүргізушісін анықтады
Ақтөбе облысында полиция артық жолаушы тасымалдаған автобус жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында 12 маусымда Самара – Шымкент автожолының Қобда ауылының маңында Орал қаласынан Шымкент қаласына бағыт алған жолаушылар тасымалдайтын Van HOOL рейстік автобусы тоқтатылды.
Құжаттарды тексеру барысында рота патрульдік полиция инспекторлары рейстік автобустың 13 адамға артық жолаушы тасымалдағанын анықтады. Аталған автобус Қобда ауданы ПБ-нің арнайы автотұрағына қойылды. Сонымен қатар жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.