Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде еткен күдікті анықталды
Алматыда 40 жастағы азамат пәтерлерді мемлекеттік бағдарлама бойынша сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында 40 жастағы ер адам бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Әуезов аудандық полиция басқармасының мәліметінше, ресми түрде арызбен 10 адам жүгінген.
– Жәбірленушілердің айтуынша, ер адам мемлекеттік бағдарлама бойынша өте тиімді шарттармен, міндетті алдын ала төлеммен пәтер алуды ұсынған. Оған ақша аударылғаннан кейін ер адам байланысқа шығуын тоқтатқан. Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта қаланың басқа аудандарында да осындай алаяқтық деректерін анықтау бойынша жұмыстар мен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.