Алматы облысының бас полицейі аудан тұрғындарын қабылдады
Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылдау барысында департамент аппараты мен аудандық полиция ғана емес, Қарасай ауданының прокуроры да әр жағдайды егжей-тегжейлі түсіну үшін қатысты.
– Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіліп тұрады, өйткені құқық қорғау органдары мен қоғамның өзара сенім мен жауапкершілік қағидаттарында тиісті өзара іс-қимылынсыз құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мүмкін емес, – деп атап өтті Бауыржан Әленов.
Тұрғындармен жеке қабылдау тәжірибесі облыстағы тәртіп сақшылары үшін дәстүрге айналып үлгерді, себебі қоғамдық пікір полиция жұмысының қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын, қай жерде кемшіліктер барын, қай салада оны күшейту қажеттігін көрсетіп отыр.
Жергілікті 11 тұрғын өздерін мазалаған сұрақтарымен келген әрқайсысының мәселесі жеке қаралды. Сұрақтар негізінен қылмыстық істерді тергеуге қатысты болды.
– Халықтың полицияға деген сенімі мен тәртіп әрқашан қатар жүреді. Сенім артқан сайын біздің көрсеткіштеріміз де өседі. Тұрғындардың көбі полицейлерді көріп, түйткілді мәселелерді тікелей айтып жатады, бұл оларды бірден шешуге мүмкіндік береді, – деп толықтырды облыстық департамент бастығы.
Өңір полицейлеріне азаматтардың мәселелерін шешуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.