Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында вандализмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Алматы облысында вандализмнің, рұқсатсыз граффити салудың және жолдардағы қауіпті әрекеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық және жеке мүлікке зиян келтіретін, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Вандализм және мүлік иесінің келісімінсіз граффити салу фактілеріне ерекше назар аударылады. Мүлікті, ескерткіштерді, тарихи-мәдени нысандарды және басқа да объектілерді бүлдіргені үшін заңнамада әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жауапкершілік түрі жасалған әрекеттің сипаты мен келтірілген залалдың мөлшеріне байланысты белгіленеді.

Профилактикалық жұмыстың тағы бір бағыты - жолдарда дрифт жасау және басқа да қауіпті маневрлердің алдын алу. Мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғаларына, соқтығыстарға, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушылар мен олардың мүлкіне зиян келтіруге әкелуі мүмкін.

Полиция Алматы облысының тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық және жеке мүлікке ұқыпты қарауға, сондай-ақ айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру