Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада екі ер адам тұрғынды тонап кеткен

Астанада екі ер адам тұрғынды тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, таңертеңгі уақытта оның жеке мүлкін тонап әкеткенін айтып арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Достық көшесінде орналасқан асханаға келген кезде бейтаныс екі жігітпен танысқан. Әңгіме барысында олардың арасында жанжал туындап, ер адамдардың бірі кенеттен оның сөмкесін тартып алып, қасындағы досына берген. Жәбірленуші тонаушыларды тоқтатуға тырысқанымен, күдіктілер сөмкеден Redmi телефоны мен жеке құжаттары салынған сөмкені алып қашып кеткен.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тонау жасады деген күдікпен 29 және 44 жастағы қала тұрғындарын анықтады. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамдар Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру