Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында «біліктілігін арттыру» емтиханынан өткізуге уәде берген алаяқ құрықталды

Еңбекшіқазақ аудандық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 22 жастағы әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Оқиға 10 маусымда ауданның екі тұрғыны бірден полицияға жүгінген кезде тіркелді. Олардың айтуынша, бейтаныс әйел біліктілігін арттыру емтиханын тапсыруға көмектесу сылтауымен олардың әрқайсысынан 400 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын алдап алған, – деп атап өтті Еңбекшіқазақ ауданы ПБ бастығы Дәурен Құтпанов.

Тергеу жалғасуда. Қазіргі уақытта ұсталған әйелдің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды қырағы болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру