Өмірлік қиын жағдайға тап болған ерлі-зайыпты павлодарлықтар әлеуметтендіру орталығына жеткізілді
Павлодар облысының полицейлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша рейдтер жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаздың қызу кезінде бұл жұмыс ең өзекті болып табылады.
– Рейд барысында оңтүстік ПБ учаскелік полиция инспекторлары Усолка өзенінің жанында өздерінің тұрғылықты жерін атауға қиналған ерлі-зайыптыларды тапты. Олар өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді. Бұл азаматтарды оңалту орталығында ұзақ уақыт ұстауға мүмкіндік жоқ және үйсіз адамдар өздерінің бұрынға орындарына оралады. Әкімшілік жаза үшін құжаттар қажет, ал бұл азаматтарда әдетте құжаттары болмайды. Жұмыстары жоқ, сондықтан оларға айыппұл салудың пайдасы да жоқ. Сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар көбінесе қылмыстың құрбаны болатыны жасырын емес. Сондай-ақ олар өздері де қылмысқа бара алады. Сондықтан біздің тарапымыздан осындай азаматтарды белсенді бақылау қажет, – дейді Павлодар қаласы ПБ оңтүстік ПБ ЖПҚБ аға УПИ Рымбек Мелесов.
Полицейлер облыс орталығының тұрғындарына тұрақты тұрғылықты жері жоқ азаматтар туралы ақпарат бергені үшін алғыс білдіреді. Барлық келіп түскен сигналдар тексеріледі, барлық хабарламалар бойынша тиісті жұмыс жүргізіледі.
Айта кету керек, жыл басынан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына 124 адам жеткізілді.