ШҚО-да интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін полицейлердің макеттері орнатылды
ШҚО-да интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін полицейлердің макеттері орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығының 9 ірі сауда үйіне полицейдің ескерту макеті орнатылды және аудан орталықтарында тағы 50 макеттің орнатылуы жоспарлануда.
Жасыратыны жоқ, алаяқтар оңай ақша іздеп, алдаудың жаңа әрі түрлі тәсілдерін ойлап табуда. Мұндай жағдайларда халықтың барынша хабардар болғаны дұрыс.
Полицейлер профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді, онда азаматтарға өздерін және ақшаларын алаяқтардың арбауынан қалай қорғауға болатындығы түсіндіріледі. Бүгінгі күні ескерту ретінде халық көп жиналатын және өтетін жерлерде аталған мәселеге назар аудару үшін тәртіп сақшыларының макеттері орнатылды.
Орнатылған макеттер азаматтардың назарын аудартып, алданып қалмауына мүмкіндік береді.
Полиция қызметкерлері барлық азаматтарды қырағы болуға шақырады: ешкімге, ешбір жағдайда қолма-қол ақша бермеуге, үшінші тарап қосымшаларын орнатпауға және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді. Сізді алаяқтық схемаларға тартуға жол бермеңіз, егер сізге туысыңыз қиындыққа тап болды деп хабарласа, оған өзіңіз қоңырау шалып, алаяқтар емес екеніне көз жеткізгеніңіз абзал.
Осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда “102” арнасына дереу қоңырау шалыңыз.