Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Сергек» бейнебақылау камерасы іске қосылды

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылордада «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көше бойларына әкімшілік құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын 10 «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысы іске қосылды.

1. Сол жағалау, 2-ші айналым мен Батыс Еуропа Батыс Кытай жолының ортасында;

2. Сол жағалау, Абылайхан көшесі, (Орда мектебінің тұсы);

3. Сол жағалау, Сырдария жағасындағы жол, (Арай Санрайс дача тұсы);

4. Әуежай тасжолы (Есенбек ата ауылы тұсы);

5. Әуежай тас жолы (Әуежай аркасы тұсы);

6. Тәуелсіздік даңғылы (Сыр Ана ескерткіші тұсы);

7. Сұлтан Бейбарыс көшесі (№264 мектеп);

8. Сұлтан Бейбарыс көшесі (облыстық әкімшілік);

9. Хон Бен До көшесі (Нұртуған көшесі тұсы);

10. Әміре Қашаубаев көшесі (№2 үй тұсы).

Аталған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылар екі бағытта жылдамдықты асырған және жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамай құқық бұзушылық жасаған автокөліктерді анықтайтын болады.

Сонымен қатар нөмірлік белгілерді (төмен жарық жағдайында да шағылыстыратын, сондай-ақ шағылыстырмайтын көлік нөмірін оқи отырып), темір тұлпардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді. ​ЖҚЕ бұзушылықтары туралы ақпарат, сондай-ақ нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл туралы ұйғарымдарды қалыптастыру үшін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕАҚ) енгізіледі.

Құрылғылар 5 шілде күні сағат 00:00-ден бастап іске қосылады.

Осыған орай, Қызылорда облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жол жүру қағидаларын бұзбауға және белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру