Ақмола облысының полицейлері түнде көлігі бұзылып, жолда қалған жүргізушіге көмектесті
Полицейлер Ақмола облысындағы тас жолда түнгі уақытта бұзылған көліктің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желіде жол бойында көрсеткен көмегі үшін полиция қызметкерлеріне алғыс сөздерімен хабарлама жариялады. Автокөлік жүргізушісінің айтуынша, оның Nissan Cefiro автокөлігі 3 маусымда түнгі сағат 12.00 шамасында, Щучинск-Бурабай автожолында бұзылып қалған.
Жүргізушінің өтіп бара жатқан көліктерді тоқтату әрекеті нәтижесіз болды.
Сол түгі республикалық трассаның бұл бөлігін Тұлпар-12 облыстық патрульдік полиция батальонының экипажының құрамында Сәулет Олжабаев пен Талғат Ауғанов патрульдеді.
Жол жиегінде тұрған, апаттық жарықтары қосылған жеңіл көлікті көріп, полиция қызметкерлері тоқтап, жүргізушіден оған қандай көмек қажет екенін сұрады.
Мәселе туралы білген полицейлер түнгі сағат үшке дейін істен шыққан автокөлікті жөндеуге мүмкіндігінше көмек көрсетті және одан әрі автокөлік жүргізушісін Щучинск қаласына сүйемелдеп алып барды.
– Жол полициясы инспекторларына қиыншылыққа тап болған адамдарға көрсеткен көмегі үшін, жол қозғалысының басқа қатысушыларына немқұрайлы қарамай және құрмет көрсеткені үшін алғыс айтамыз, – деп жазады автор өз жарияланымында.
Айта кету керек, халықтың ризашылық сөздері тәулік бойы патрульдеу маршруттарында жүрген полиция қызметкерлері үшін үлкен ынталандыру. Олардың негізгі міндеттерінің біріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған жүргізушілер мен жолаушыларды құтқару да кіреді.