Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп пен қауіпсіздік жолында: патрульдік полицейдің бір күні

Түркістан облысында полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысын таныстыратын "Полицияның бір күні" айдары жалғасуда. Бұл жолы бейнематериалда Шардара аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы Ержан Қожантаевтың бір күндік қызметі көрсетілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция инспекторы күнделікті қызметінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол ережелерінің орындалуын бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса мән береді.

Қызмет барысында ол жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылдап, жүргізушілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Патрульдік полиция қызметі – тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, заң талаптарының сақталуын қадағалауға және азаматтардың тыныштығын қорғауға бағытталған жауапты міндет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру