Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ЖҚАЖ қызметкерлері өртті сөндіруге көмектесті

БҚО-да ЖҚАЖ қызметкерлері тұрғын үйдің жанынан шыққан өртті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілденің 9 күні сағат таңғы 07:40 шамасында БҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері тұрғын үйлердің бірінің жанында болған өрттің алдын алды. Олар  су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар орналасқан эвакуациялық пунктерді күзетуде.

Бүгін  кезекшілікті тапсыру кезінде ЖҚАЖ қызметкерлері үй жанында шыққан түтінді байқайды. Өрт сөндірушілер келгенше, дереу іске кірісіп, қақпа ашылмаған соң, көршінің ауласынан кіріп, шелек, су құйғыш секілді қолға түскен құралдармен су шашып өрттің алдын алады.  Артынша белгілі болғандай, үйде сол уақытта әйел мен екі қызы болған және олар өрттен мүлдем бейхабар. Тексеру кезінде өрттің үй сыртындағы кондиционер сымының қысқа тұйықталу салдарынан болғаны белгілі болды. 

Өрттен жапа шеккендер жоқ, өрт шығыны анықталуда. Тілсіз жаудың алдын алған полиция қызметкерлеріне үй иесі ризашылдығын білдіріп, алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру