Елордада асыл тұқымды итті ұрлаған сәт бейне жазбаға түсіп қалған
Елордада асыл тұқымды итті ұрлаған сәт бейне жазбаға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның Спаниель тұқымды итін ұрлап кеткені туралы ақпарат берген.
Астаналық сақшылар тұрғынының үй жануарымен серуендеп келе жатып, итін кіреберістегі темір торға байлап дүкенге кірген сәтін бенебақылау камерасынан байқаған. Ит иесі дүкеннен шыққан сәтте итінің орнында жоқ болғанын аңғарған.
Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық қылмысы бойынша іс қозғалған 48 жастағы қала тұрғынын анықтаған.
Бейнежазбада көрсетілгендей қаскүнемнің итті белгісіз бағытқа қалай алып кеткені, кейінірек ақша табуды ұйғарып, оны белгісіз жас жұбайларға сатқаны да белгілі болғанАталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.