Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері блогерлермен кездесу ұйымдастырды

Павлодарда полицейлер блогерлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция ведомствосында өңірлік блогерлермен жұмыс кездесуі өткізілді.

– Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік желілердегі танымал аккаунттар мен блогерлердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, түрлі оқиғалардың алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу. Сондай-ақ қоғаммен және блогерлермен тиімді қарым-қатынас дағдыларын талқылау, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов.

Тәртіп сақшысы өзінің күнделікті қызметінде полицейлер азаматтармен, құқық бұзушылармен, қоғам қайраткерлерімен, журналистермен және блогерлермен кездесетінін атап өтті. Сондықтан полицейлер қоғаммен қарым-қатынас дағдыларын үйрене отырып, халықпен тиімді қарым-қатынас жасау үлгілерін үнемі жетілдіріп отырады.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оның барысында блогерлер қызмет өткеру кезінде халыққа ақпаратты тиімді және дұрыс беру тәсілдері, оның ішінде оқиға орындарынан тиімді кері байланысты қалыптастыру, белгілі бір сәттерге немесе өзекті оқиғаларға қызығушылық танытқан азаматтарға ақпаратты, қызметтік құпияны бұзбай қалай дұрыс жеткізу керектігі туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында қатысушылар ұсыныстар мен жаңа идеяларды талқылап, ашық пікір алмасты. Кездесу соңында интернет-пайдаланушылар мен полицейлер одан әрі бірлескен жұмыс туралы келісті. Блогерлер қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауға аз да болса назар аудару үшін тұрғындардың әл-ауқатына қолдау мен көмек көрсетуге тырысатындықтарын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру