Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция құқық бұзушылықтарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді

Абай облысында полиция құқық бұзушылықтарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері соңғы айда әлеуметтік желілердің ленталарында жарияланған хабарламалар бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 32 әкімшілік хаттама толтырды.  

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерді пайдаланушылар облыс орталығының жолдарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне қызығушылық танытуда.

Шілде айында әлеуметтік желілерде Абай облысы полициясының қызметіне қатысты 70-тен астам хабарлама орналастырылды. Заң бұзушылықтардың көп бөлігі жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен және көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерімен белгіленген талаптарды сақтамауға байланысты болды. 

Талдау көрсеткендей, көбінесе облыс тұрғындары жол ережелерін бұзуға назар аударады және бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде бөліседі. Полицейлер барлық расталған бұзушылықтар фактілеріне жауап берді, әкімшілік хаттамалар толтырды, сондай-ақ тиісті жазбалардың астына жауап қалдырды.

Куәгерлер тіркеген бейнематериалдар бойынша сегіз жүргізуші авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін 9 автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру