Жетісу облысында террористік тұрғыдан осал нысандар бақылауға алынады
Жетісу облысы ПД-да террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойыншы отырыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінде ведомство бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновтың төрағалығымен террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын бақылау жөніндегі жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға білім, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, мұрағаттар мен құжаттама мәдениеті, индустриялық-инновациялық даму кәсіпкерлігі басқармаларының басшылары, сондай-ақ ПД басқармалары мен аумақтық бөлімшелерінің бастықтары қатысты.
– Кездесу барысында ҚР ІІМ «Террористік тұрғыдан осал объектілерінің үлгілік паспортын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес келетін террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының паспорттары туралы мәселе көтерілді, – деп атап өтті ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.
Террористік тұрғыдан осал кейбір объектілер осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл үлкен алаңдатушылық тудырады және шұғыл шараларды қажет етеді. Осыған байланысты облыстың террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларына терроризмге қарсы қорғалу паспорттарына тексеру және салыстыру жүргізу туралы нұсқау берілді.
Террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс осы ұсынымдар мен нұсқауларды ескере отырып жалғасады.