Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-да бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс қорытындыланды

Қызылорда облысы ПД-да бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өткізіп, 6 айдың жұмысын қорытындылады. Отырысты ашқан департамент бастығы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Бүгінгі жедел кеңес барысында полиция органдарының жедел – қызметтік жұмысы талқыланды. Оның ішінде, халықпен тиімді серіктестік орнату, ішкі істер органдарының қызметінде ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды.

Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары жетекшілік ететін салалары бойынша баяндама жасап, қызмет басшыларының есебі тыңдалды. Алдын алу жұмыстарын күшейту нәтижесінде өңірімізде қылмыс деңгейі азайды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтар 6%-ға, оның ішінде қылмыстар 5%-ға және теріс қылықтар 9%-ға, ауыр санаттағы қылмыс түрлері 7%-ға тіркелуі төмендеді.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда, көшеде, отбасы-тұрмыстық салада, жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың саны азайды.
Профилактикалық шаралар күшейтіліп, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу бағытында пәрменді шаралар қабылданып, басым бағыттардың бірі ретінде ерекше мән берілуде. Бұл тұрғыда кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстар саны азайды.

Жедел кеңесте департамент бастығы жиынға қатысушыларға министр тапсырған құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басым бағыттарды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, учаскелік полиция инспекторларының қызметін нығайту және полиция қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жандандыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.


Кеңес қорытындысы бойынша Махсудхан Нұғманұлы жедел-қызметтік жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру, сын – ескертпелер мен жаңа бағыттағы жұмыстар бойынша талап қойып, нақты шараларды белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру