Ақтөбе полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын қорытындылады
Ақтөбе полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйлерден тыс жерлерде ересектердің еріп жүруінсіз болуын болдырмау мақсатында 15-17 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында полицияға 259 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде сағат 23.00-ден кейін үйден тыс жерде болғаны үшін 227 кәмелетке толмаған әкелінсе, оның 22-сі ойын-сауық орындарынан жеткізілді.
Мысалы, ойын-сауық мекемелерін тексеру барысында 11-шағын ауданда орналасқан кафелердің бірінде 16 жастағы жасөспірім ересектердің еріп жүруінсіз болғаны анықталды. Оның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, мекеме әкімшісі ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ювеналдық полиция профилактикалық есепке 34 адамды, оның ішінде 2 қараусыз және панасыз қалған адамды алды. Сондай-ақ жасөспірім балаларды тәрбиелеумен айналыспайтын 4 қолайсыз отбасы бақылау есебіне алынды.