Ақтөбе облысында полиция дүкеннен телефондарды қолды қылған сатушыны ұстады
Ақтөбе облысында полиция дүкеннен телефондарды қолды қылған сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға тұрмыстық техниканы сататын дүкеннің директоры жүгінді. Оның айтуынша, бірнеше ай ішінде дүкеннен үш ІPhone 15 pro телефоны ұрланған. Жалпы шығын 1,5 млн теңгеден асты.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері дүкен сатушысының ұрлық жасағанын анықтады.
21 жастағы күдіктінің ұрланған телефондарын ломбардқа тапсырғаны анықталып, жедел-тергеу тобы телефондарды тәркіледі.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.