Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Қызылорда өңірінде республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сыр өңірінің климаттық жағдайының ерекшелігін ескере отырып, аптап ыстыққа қарамастан полиция кеңесіне жүгінгендер аз болған жоқ. Акция басталғалы таңертеңнен мобильді пункттерге 200-ден аса тұрғын келіп, түрлі мәселелер бойынша кеңес алды.

Облыс бойынша 10 мобильді қабылдау пункті, ал облыс орталығы Қызылорда қаласында екі мобильді қабылдау пункті бар. Екі күнге жоспарланған акцияда полиция департаментінің басшылығы, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және көші-қон қызметі басқармалары, сонымен қатар Қызылорда қалалық полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларынан құралған арнайы мобильді топтар белгіленген жерлерде тұрғындарды қабылдап жатыр. Сондай-ақ акция барысында облыс тұрғындары департаменттің ресми әлеуметтік парақшалары арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру