Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері қоғамдық тәртіпті бұзған мас тұрғынды ұстады

Петропавл полицейлері қоғамдық тәртіпті бұзған мас тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілде күні сағат 13:00 шамасында Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» арнасына әйел адам хабарласып, Интернациональная көшесінің бойындағы аялдама павильонында күмәнді ер адам отырғанын және оның жарылғыш құрылғысы бар болуы мүмкін екенін айтқан.

Оқиға орнына облыстық және қалалық полиция, ҰҚКД, ТЖД шұғыл қызметтері, сондай-ақ дәрігерлер барды. Ұсталған адам облыс орталығының мас күйде жүрген 60 жастағы тұрғыны болып шықты. Одан жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Ер адамға қатысты қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру