Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полициясынан 70-тен астам азамат заңгерлік көмек алды

Қостанай облысында полицейлермен «Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылғы 23 шілдеде «Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» өтті. Оның шеңберінде халық көші-қон саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша кеңес алды.

Көбінесе азаматтар төлқұжатты рәсімдеу, шақыртулар, виза беру, тұруға ықтиярхатты және азаматтықты қабылдауды ресімдеу бойынша сұрақтар қойды.

Мәселен өрт кезінде құжаттары жанып кеткен Әзірбайжан азаматы «Құжаттарды қалай қалпына келтіруге болады?” деген сұрақпен жүгінді.

Бұл сауалға көші-қон қызметкерлері Астана қаласына елшілікке бару үшін анықтама берілетінін және Әзірбайжан Республикасының консулдығына жүгінген кезде өзінің төлқұжатын ресімдей алатындығын түсіндірді.

– Біз ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын көрсеткіміз келеді. Мәселен көші-қон мәселелері бойынша сұрақтары бар адамдардың арнайы келуге уақыттары болмай жатады. Бұл жерде олар өздерінің жеке шаруаларымен айналысып жүріп, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя алады. Айта кету керек, біздің қызмет жұмысымызды жақсарту үшін техникалық жарақтандыруды жақсарту және қызметкерлерді даярлау деңгейін арттыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бұл мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетудің негізгі аспектісі болып табылады, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.

Диалог алаңы аясында заңгерлік қолдау көрсету үшін 70-тен астам азамат жүгінді.

Мұндай акциялар ай сайын өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру