Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда бірнеше мүліктік қылмысқа қатысы бар екі күдікті ұсталды

Қостанай облысында криминалдық полиция қызметкерлері мүліктік қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Тергеу барысында келтірілген материалдық шығын көлемі 800 мың теңгеден асқаны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, 45 жастағы ер адам автокөліктен, велосипедтерден және ақша қаражатынан ұрлық жасау, сондай-ақ тонауды қоса алғанда, жеті қылмыс эпизодына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар Қарағанды облысының 30 жастағы тумасы ұсталды. Ол Қостанай және Рудный қалаларында жасалған бірнеше қалта ұрлығына қатысы бар деген күдікпен тергелуде.

Аталған фактілердің барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Соттың санкциясымен күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстардың барлық мән-жайын анықтап, күдіктілердің өзге де осыған ұқсас деректерге қатысы бар-жоғын тексеруде.

Полиция азаматтарға жеке мүлікке ұқыпты қарауды және сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Бөтеннің мүлкіне заңсыз қол сұғу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру