Екібастұз полицейлері мас күйінде көлік жүргізген 132 жүргізушіні жазалады
Жыл басынан бері Екібастұз полицейлері мас күйінде көлік жүргізген 132 жүргізушіні жазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көлік құралдарын мас күйінде жүргізген жүргізушілер жауапкершілікке тартылса да, оларды 8 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырып және 20 күнге дейін әкімшілік қамауға алса да, статистика азаймай тұр.
Жыл басынан бері Екібастұз полицейлері 132 жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізуін тоқтатты. Жолдардағы қауіпсіздік көбінесе жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының тәртібі мен санасына байланысты. Мас күйінде автокөлікті жүргізуге мүмкіндік беретін жүргізушілер жол қатысушыларының бәріне үлкен қауіп төндіріп тұр.
– Мысалы Абай көшесіндегі полиция қызметкерлері жүргізушісі мас күйінде болған Skoda Rapid көлігін тоқтатты. Басқа жағдайда жүргізуші мас күйінде Gelly көлік құралын жүргізген. Пішембаев көшесінде Toyota Camry жүргізушісі көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ автокөлікті жүргізген. Мас болу дәрежесіне сараптама жүргізілді, көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды, әкімшілік материалдар қозғалды және сотқа жіберілді, – дейді Екібастұз қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Медет Бейсенов.
Егер сіз мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, ол таныс немесе бейтаныс адам болса да оны тоқтатуға тырысыңыз. Егер ол сізді естімеген болса, 102 телефонына хабарлаңыз. Бұл саналы азаматтың азаматтық борышы. Сіздің қоңырауыңыз біреудің өмірін, мүмкін ең мас жүргізушінің өмірін сақтап қалуы мүмкін деп ойлаңыз. Жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізгенде, оның салдары туралы ойланыңыз.