Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында адам саудасына қарсы күрес күніне орай акция өткізілді

Абай облысында адам саудасына қарсы күрес күніне орай акция өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне арналған акциясын өткізді.

Адам саудасы – бұл барлық дерлік елдердегі адамдардың өміріне әсер ететін, адамдарды адамдық қадір-қасиетінен айыратын, олардың бостандығына қол сұғатын, осы қылмыстардың құрбандарын қанау объектісіне айналдыратын әлемдік ауқымдағы жаһандық мәселе.

Сауда орталықтарында, әуежайда, теміржол және автовокзалдарда полицейлер қала тұрғындарына адам саудасының құрбаны болмау және қайда жүгіну керектігін айтты. Акция барысында профилактикалық ақпараты бар мыңнан астам буклеттер таратылды. Осы уақытта қаланың LED экрандарында адам саудасы мәселесі туралы ескертетін бейнелер көрсетілді.

– Адам саудасы – бұл адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзатын қылмыс. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе осындай қылмыстың куәсі болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу өте маңызды. Ақпаратты полицияға “102” телефоны арқылы хабарлаңыз. Сіздің уақтылы араласуыңыз өмірді сақтап, осы қылмысқа қарсы күресте көмектесе алады, – деп атап өтті Абай облысы ҰҚҚКБ бастығы Бауыржан Егізбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру