Абай облысында мал ұрлаған күдікті ұсталды
Абай облысында мал ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы полиция бөлімі кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғын жайылымнан сиырдың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінді. Осы уақыт ішінде мал иесі өз бетінше іздеуге тырысқан, бірақ нәтиже болмаған. Содан тұрғын полицейлерден көмек сұрауға шешім қабылдады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Абай ауданының полицейлері Семей қаласының 24 жастағы тұрғынының мал ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Күдікті құны 300 мың теңге тұратын сиырды ұрлап кеткен.
Тәртіп сақшылары ұрланған малды тез арада заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.