Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы айыппұл төлемеген борышкерлерді іздестіріп жатыр

Алматы полициясы айыппұлдарын төлемегендерді іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылдың 22 шілдесінен бастап Алматы қаласында әкімшілік айыппұлдарды, сондай-ақ салық берешегін және алименттерді өндіру мақсатында Мемлекеттік кірістер департаменті және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп “Борышкер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Борышкерлер “Қорғау” аматтандырылған жүйесі арқылы анықталуда. Барлық қарызы толық өтелгенше олар мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады. Іс-шара басталғалы 22 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Олардың айыппұл, салық және алимент бойынша жалпы қарызы 19 млн 976 мың 487 теңгені құраған. Тағы 66 жүргізуші 13 миллион теңгеден астам қарызын өтеді, – деді Алматы қалалық ПД ӘПБ әкімшілік тәжірибенің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды жеке жауапкершілікті күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және құқықбұзушылықтар үшін айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру