Ақмола облысында адам саудасына қарсы акция өткізілді
Ақмола облысында адам саудасына қарсы акция өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 шілде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған акция аясында полиция қызметкерлерімен бірге «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының психологтары, Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының өкілдері күресу жолдары туралы халықты ақпараттандыру бойынша үгіт-насихат іс-шарасын өткізді.
Орталық саябақта, сауда орталықтарында, теміржол және автовокзалдарда полицейлер қала тұрғындарына адам саудасының құрбаны болмауды және қиындыққа тап болған адамдарға қайда бару керектігін айтты. Облыс орталығының тұрғындарына тәуекелдер туралы ақпаратты қамтитын брошюралар мен көрнекі үгіт таратылды, «жедел желі» телефондары хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 5 шілдесінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам ұрлау, оны заңсыз бас бостандығынан айыру, адам саудасы, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сату, жезөкшелікпен айналысуға тарту және т.б. сияқты қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды көздейтін «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңға қол қойды. ҚР ӘҚБтК жаңа 135-1-баппен толықтырылды: «Лауазымды адамдардың, жаңа туған нәрестені тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау және жеткізу фактілері туралы хабарламауы».
Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет «Кәмелетке толмаған адамнан жезөкшелік қызметтерін немесе жыныстық сипаттағы қызметтерді» алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Заң кәмелетке толмағанды жыныстық сипаттағы қызметтерді көрсетуге, соның ішінде үгіт-насихат немесе жарнама арқылы қылмыстық жауапкершілікке тартты.