”Мотоцикл” ЖПІШ: ШҚО-да биыл мотоциклшілердің қатысуымен 11 ЖКО болды
”Мотоцикл” ЖПІШ: ШҚО-да биыл мотоциклшілердің қатысуымен 11 ЖКО болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары жүзге жуық мотоциклші мен мопедистерді тәртіптік жауапкершілікке тартты.
Жаз мезгілінде қаланың кейбір тұрғындары мотоциклдерге, скутерлерге және мопедтерге отырады. Сонымен қатар адамдар кейде жол жүрісі қағидаларын сақтауды, жылдамдықты шектеуді, мотоцикл дулығасын киюді ұмытып кетеді. Көбісі бұл жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін деп ойламайды.
Шығыс Қазақстан облысы орталығының полицейлері жарақаттанудың алдын алуға, жүргізушілердің ережелерді бұзуын анықтауға бағытталған “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Облыс бойынша ЖПІШ өткізудің бірінші күні ғана 190-нан астам мототехника тексеріліп, 70 заң бұзушылық анықталды. 10 жүргізуші өздерінің темір тұлпарын мотошлемсіз басқарған, 13 адам маневр жасау ережелерін бұзған, тағы 10 адамда көлік басқару куәліктері болмаған, ал екеуі масаң күйде көлік тізгіндеген. Аталған заң бұзушылықтар үшін көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері мотоциклшілердің қатысуымен 11 ЖКО болып, 3 адам қаза тапты, 8 адам жарақат алған.