Астана тұрғыны жаңа танысының телефонын қолды қылған
Астана тұрғыны жаңа танысының телефонын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, мүлікті ұрлау фактісі бойынша арызданған.
Кешкі уақытта әйел саябақта жігітпен танысқан. Әңгіме барысында ол жаңа танысын үйіне шақырған. Келесі күні таңертең жәбірленуші iPhone 14 PRO Max смартфоны мен сымсыз құлаққабының жоғалғанын анықтаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Нұра ауданы ПБ полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті анықтады, ол өз іс-әрекетімен 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды.