Астанада жұмыс орнынан компьютер ұрлаған ер адам анықталды
Астанада жұмыс орнынан компьютер ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 2 млн 640 мың теңгеден астам сомаға компьютерлік техниканы ұрлаған 39 жастағы ер адамды анықтады.
Күдікті компьютерлік техниканы сататын компанияда менеджер лауазымында жұмыс істегені анықталды. Ол қоймаға еркін кіріп, мүлікті газельге тиеп, үлкен көлемдегі техниканы ұрлаған.
Ер адам ұрланған компьютерлерді ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.