Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ҚАЖД-дан 22 қызметкер Қостанай академиясына оқуға түсті

Павлодар облысы ҚАЖД-дан 22 қызметкер Қостанай академиясына оқуға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодардан 20 сержант пен 2 офицер ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсті. Бұл қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын ҚР-дағы жалғыз жоғарғы мекеме. Академияда күндізгі оқу кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Академия спорттық және жауынгерлік самбо бойынша кадрлар даярлаумен танымал. Спорт залы, түрлі тақырыптық секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді.

– 20 сержант пен 2 офицер академияға түсуге ниет білдірді. Олар аумақтық ІІО-ның кадр қызметіне еркін нысанда өтініш береді, әскери-дәрігерлік комиссиядан өтеді. Үміткерлерге қойылатын талаптар: ҚР азаматтығы болу; 16 жастан бастап; соттылықтың болмауы; қыздардың бойы 160 см-ден, ұлдар 170 см-ден; оқу мерзімі 2 ай, – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы Арман Мұқанов.

Оқуды бастамас бұрын тыңдаушылармен академияда болу және тұру ережелері туралы нұсқаулық өткізіледі. Тыңдаушылар үшін жатақханаларда тегін тұру, стипендия алу, тегін медициналық қызмет көрсету қарастырылған.

Академияда медициналық бөлім жұмыс істейді, онда барлық тыңдаушылар медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Әйел тыңдаушылар үшін жеке блок қарастырылған. Бастапқы кәсіптік даярлықтың сәтті аяқталуы кейіннен жұмысқа орналаса отырып, Құқық қорғау органдарының кадрларына қабылдануына кепілдік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру