Көлігіне сигналдық дауыс шығарушы құрылғыны заңсыз орнатқан павлодарлық ұсталды
Павлодар облысында көлігіне сигналдық дауыс шығарушы құрылғыны заңсыз орнатқан жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкері патрульдеу кезінде Баянауыл кентінің көшелерінің бірінде Lada автокөлігі тоқтатылды, оған заңсыз сигналдық дауыс құрылғысы орнатылған болып шықты.
– Арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғылардың тиісті рұқсатынсыз орнатқаны үшін автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен жүргізушіге 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жүргізуші бұзушылықты сол жерде жойды, – деді Павлодар облысы Баянауыл ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нығметолла Қаббасов.
Айта кету керек, облыста осындай бұзушылық үшін 3 жүргізуші жауапқа тартылды.