Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында КСРО паспортымен жүрген азамат жаңа жеке куәлігін алды

Қызылорда облысында КСРО паспортымен жүрген азамат жаңа жеке куәлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөлімінң көші-қон қызметі бөлімшесі қызметкерлері КСРО-ның 1974 жылғы ескі үлгідегі паспортымен жүрген азаматтарды анықтау, оларды барлық мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып тез арада құжаттандыру бағытында жоспарлы іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Қазалы ауданы тұрғындарынан КСРО-ның 1974 жылғы ескі үлгідегі қызыл паспортымен жүрген және уақытылы құжаттанбаған бір азаматтан өтініш түсті. Содан полиция қызметкерлері осы азаматтың ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы жөнінде құжаттар жинақтап, құжаттандыру жұмыстарын жүргізді. Осылайша, облыс тұрғыны жаңа жеке куәлігіне қол жеткізді.

Аудан тұрғыны Қазалы ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлеріне алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру