Павлодарда ЖБО камераларының көмегімен 6 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Павлодарда ЖБО камераларының көмегімен 6 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полициядағы маңызды бөлімшенің қызметі жедел басқару орталығы ретінде бір секундқа да тоқтамайды, барлық жедел ақпарат осында ағылады. Жұмыс істеп тұрған бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғау жүзеге асырылады.
– Жыл басынан бері бейнебақылау жүйесін пайдалана отырып, 63 қылмыс және 6033 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, тонау анықталды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді тұтыну немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас болу фактілері, темекі тұқылдары мен тұрмыстық қоқыстардың шығарылуы және басқа да бұзушылықтар тіркеледі, – деді Павлодар қалалық ПБ жедел басқару орталығының бастығы Ренат Шамгунов.
Мысалы, Павлодар қаласында автовокзалда ер адам темекі шегіп, темекі тұқылын белгісіз жерге тастады. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кету керек, жыл басынан бері «102» сенім телефонына 53367 хабарлама келіп түсті, оның ішінде тек бір кезекші тәулікте – 629.