Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл елордада қараусыз жүрген малдың кесірінен 12 жол апаты тіркелді

Биыл елордада қараусыз жүрген малдың кесірінен 12 жол апаты тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараусыз қалған мал жасыл желектерді жойып, жолда төтенше жағдайлар тудырады және жол қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, автожолдар бойында қараусыз жүрген малды байқауға болады.

Биыл жолда қараусыз жүрген мал туралы Астана полициясына 182 хабарлама келіп түсті, соның салдарынан жануарлардың жолға шығып кетуінен туындаған 12 жол апаты тіркелді.

Астана қаласының полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне тиісті қадағалауды қамтамасыз ету және малдардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына жол бермеу қажеттігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру