Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай әндеріне ынтық Наталья

10 тамыз – Абай күні. Мерейлі күнге орай Polisia.kz редакциясы ұлы ақынның шығармашылығына ғашық өнерлі полицей жайлы ақпарат ұсынады.

Наталья Евстигнеева – Маңғыстау облыстық полиция департаментінде штаб бастығының орынбасары лауазымында қызмет етеді. Ол вокалдық ән айтуға 2018 жылдан бастап әуестенген. Абай атындағы Мәдениет үйінде орналасқан «МЭЦцо-forte» орталығынан оқытушы тауып, қызығушылығын дамытқан. Бүгінде оның шығармашылық қоржынында қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдеріндегі әндер бар. Алайда репертуарының басым бөлігі қазақ әндері екенін айтты.

– Классикалық әндер жаныма жақын. Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып» секілді әндерін тыңдағанды және орындағанды ұнатамын. Жаным тыныштық табады. Ұлы ақынның әндерінің әрбірі жүрекке қонымды, – деді өнерге жақын полицей.

Наталья Евстигнеева ән айту байқауларында бақ сынап, шеберлігін шыңдаған. Атап айтсақ, 2023 жылы ҚР ІІМ ұйымдастырған «Міндет. Абырой. Ерлік» республикалық көркемөнерпаздар байқауында ІІІ орынға ие болған. Ал биыл 2 маусым күні өткен «Қазақстан таланттары» ұлттық байқауынан Гран-при алған.

Әріптестері Натальяның патриоттық рухтағы, туған жерге қатысты әндерді әсерлі етіп орындайтынына талай рет куә болған. Мерекелік шараларда «Әлия», «Үш қоңыр» әндерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген. Сонымен бірге Наталья үшін Шәмші әндерінің орны бөлек.

Авторы: Гауһарай ЕСІМОВА

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру