Жамбыл облысында көңіл-көтеру орындарында кальян шеккен 20 азамат жауапқа тартылды
Жамбыл облысында көңіл-көтеру орындарында кальян шеккен 20 азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Тараз қаласында келушілерге кальян ұсынатын дәмхана-барларға қатысты рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Екі күн ішінде темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заң бұзушылық деректері “Vstrecha”, “Шишка”, “Мансард”, “Ескобар”, “Мята”, “Bult”, “Жаным Сол”, “С Кайфом”, “MANSARD”, “PABLO” ойын-сауық орындарында анықталды.
Әкімшілік хаттамалар ойын-сауық орындарының иелеріне, сондай-ақ олардың қонақтарына қатысты толтырылды. Рейд барысында полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу, вейптер мен электрондық темекі таратқаны үшін қарастырылатын қылмыстық жауапкершілік туралы талаптарды түсіндіруде.
Осы жылдың 20 маусымынан бастап Жамбыл облысының полиция департаменті вейптер саудалаған азаматтарға қатысты 3 қылмыстық іс қозғады.