Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жастарға есірткіге қарсы іс-шара ұйымдастырылды

Жамбыл облысында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында "BOLASHAQ JASTAR QUATY – 2026" жастар іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жуалы ауданындағы көрікті Берікқара шатқалында өткен жиынға облыстың әр аумағынан 150-ден астам жас келді. Іс-шараға Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық орталығының қызметкерлері қатысты.

https://youtube.com/shorts/mnxxUuh1b14?si=Ni2EP1UmCm9b-5Cm

Полиция қызметкерлері жастармен профилактикалық кездесу өткізіп, есірткінің зияны мен оның құқықтық салдары, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы айтты.

Ал Кинологиялық орталық мамандары қызметтік иттердің қатысуымен көрсетілім ұйымдастырды. Мамандар есірткі және жарылғыш заттарды анықтау, жоғалған адамдарды іздестіру және құқық бұзушыларды ұстау кезіндегі қызметтік иттердің мүмкіндіктерін көрсетті.

Көрсетілім жастардың ерекше қызығушылығын тудырып, оларға кинологиялық қызметтің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсіндіру және жас ұрпақты дұрыс әрі жауапты таңдау жасауға шақыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру