Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде шығармашылық жұмыстар байқауы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде сотталғандар арасында "Үміт сәулесі – 2026" суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдары байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысып, өз қолдарымен орындаған шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары: "Сурет" номинациясы: 1 орын — Кулешов С.Н. — "Живописное произведение", 2 орын — Шаймергенов Т.Т. — "Аққулар, Лебеди", 3 орын — Тасболатов Б.Д. — "Снежный барс" (Қар барысы).
"Қолөнер туындылары" номинациясы: 1 орын — Понамарёв М.М. — "Шахматный ларец", 2 орын — Кириченко О.В., Папов А.О. — "Кеме", 3 орын — Абуталипова У.А. — "Бәйтерек".
Іс-шараға мәдениет мекемелерінің, "Зерделі ұрпақ" жастар қоғамдық бірлестігінің, пробация қызметінің өкілдері, сондай-ақ "Фемида" журналының, "Кокшетау сегодня" газетінің журналистері және "Көкше" телеарнасының өкілдері қатысты.
Облыстық кезеңнің үздік жұмыстары республикалық "Үміт – 2026" байқауына қатысу үшін жолданады.
