Ақмола облысында сотталғандарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңесінің отырысына қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында сотталғандарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру, білім беру қызметін лицензиялау және салық салу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Дархан Мурзабеков, сондай-ақ "Еңбек Көкшетау" РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Серік Буланов қатысты.
Сотталғандарды жұмыспен қамту, олардың әлеуметтік бейімделуі және бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сотталғандарды еңбекке тартудың маңыздылығы атап өтілді. Жұмыс орындарын ұйымдастыру олардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, кәсіби тәжірибе жинақтауға және босатылғаннан кейін қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бизнес өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірістік бағыттарды кеңейту мәселелері қаралды.
Тараптар сотталғандарды жұмыспен қамту бағытындағы өзара іс-қимылды жалғастырып, бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екендерін атап өтті.
