Ақмола облысында төбелес шығарған көлік жүргізушілері мен жолаушылар ұсталды
Ақмола облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда жанжал шығармауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда Екатеринбург – Алматы автожолында Hyundai Elantra және Toyota Corolla автокөліктерінің жүргізушілері арасында жанжалды болды. Азаматтар көлік жүргізу кезінде бір-біріне жол бермей, сол жерде төбелес шығарған. Екі көліктің жолаушылары да жанжалға қатысты.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жанжалға қатысы бар азаматтарды анықтап, ұстады.
ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бапта 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделген.