Түркістан облысында полиция қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 176 қылмыстың бетін ашты
Түркістан облысында полиция қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 176 қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі – меншікке қарсы қылмыстың алдын алу және болған қылмысты ашу. Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 40,7 пайызға төмендеген болса, оның ішінде мал ұрлығы 44,6 пайызға азайды.
Осы ретте полиция департаментінің қалалық, аудандық полиция құрылымдарында қоғамдық тәртіпті сақтауға, мал ұрлығы қылмысының алдын алу шараларына 587 азамат қоғамдық көмекші болып тағайындалып, жұмыс атқарып жатыр. Қоғамдық көмекшілер учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Жалпы, қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 176 қылмыс ашылды. Оның ішінде 46-сы бөтеннің мүлкін ұрлау болса, ал үшеуі – мал ұрлығы.