Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда есірткіні жарнамалайтын 100-ден астам граффити жазу өшірілді

СҚО-да полиция қызметкерлері, прокурорлар мен еріктілер есірткіні жарнамалайтын 100-ден астам граффити жазуды бояды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің Петропавлда жергілікті атқарушы органдардың көмегімен өткізген ауқымды акцияның мақсаты – жасөспірімдерді нашақорлыққа тартудың алдын алу.

Олардың үндеуіне 50-ден астам ерікті жауап беріп, қала көшелеріндегі синтетикалық есірткі сататын интернет-ресурстардың мекенжайлары жазылған граффити жазуларды бояу үшін шықты. Жұмыс қалаға қызмет көрсететін 13 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен жүргізілді.

Петропавлдың орталық көшелері бұрыннан бері осындай жазулардан тазартылған. Қазір бұл мекенжайларды тек гараж кооперативтерінен, бейнебақылау жоқ тұйық жерлерден ғана табуға болады. Құқық қорғау органдары мен еріктілер 100-ден астам граффитиді бояды. Олардың орнына қоршауларда, үйлер мен гараждардың қабырғаларында «Есірткіге жол жоқ» деген жазулар пайда болды.

– Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері граффити жазуларды бояу бойынша 7 акция өткізді. Бұдан басқа, қызметкерлердің күшімен есірткі сату және есірткі курьерлерін тарту бойынша интернет-ресурстарға 50-ден астам сілтемені бұғаттауға бағытталған. Еске салайық t.me/sko_narkohelp_bot» Telegram-ботына күдікті сілтемелерді жіберу арқылы кез келген адам есірткімен күресте өз көмегін көрсете алады, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Руслан Сапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру