Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бір күнде 80 жасөспірімнің ата-аналарына хаттама толтырылды

Қызылорда полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының бір күнінде 80 жасөспірімнің ата-аналарына хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және үйден тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс- шарасы жүргізіп жатыр.

Түнгі рейд барысында ата-ананың еріп жүруінсіз мекенжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 80 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылды.

– Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, – деді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру