Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 58 сотталған жылыжай кешенінде жұмыс істейді

№47 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеушілер Екібастұз қаласында орналасқан «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС өндірісінде жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарды еңбекке тарту қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің маңызды бағыттарының бірі, ол заң бұзған адамдарды тәрбиелеу, оларды босатылғаннан кейінгі өмірге дайындау, сондай-ақ жәбірленушілердің залалын өтеу әдістерінің бірі.

– Өткен жылдың қазан айында № 47 (ең төменгі қауіпсіздік) мекеме Шидерті кентінен Екібастұз қаласына көшірілді, сотталғандар Екібастұз кәсіпорындарында бір жылға жуық еңбек етті, – деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні жазасын өтеп жатқан 58 сотталған «Казтомат» ЖШС жылыжай кешенінде жұмыс істейді. Олар қиярдың үш түрін және қызанақтың бес түрін өсіреді. Олардың жұмыс кестесі сегіз сағаттық.

ҚАЖ департаменті мен «Казтомат» ЖШС арасында жасалған меморандум шеңберінде №47 мекеме сотталғандар қатарынан жұмысшы кадрларды ұсынады, ал кәсіпкер өз кезегінде сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етеді және еңбекақыны уақытылы төлейді.

Жаңа қызметкерлер үшін кәсіби тағылымдама, үстеме жұмыс ақысын төлеу, жұмыс қорытындысы бойынша сыйлықақы және наградтау көзделген, бұл сотталғандарға сот үкіміне сәйкес жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік береді. Ведомствода айтылғандай, сотталған жұмысшыларға кәсіпорында шағымдар жоқ, олар еңбек тәртібін бұзбайды, жоспарларын орындауға тырысады.  Жұмыс істегісі келетіндер мен жұмыс істейтіндер үшін жалақы 300 мыңға дейін.

№47 мекемеде барлығы 110 сотталушы жазасын өтеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру