Қызылорда облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті құрықталды
Қызылорда облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында еш жерде жұмыс істемейтін 32 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Ол алаяқтық жолмен азаматтардың телефонын пайдаланып банк қосымшасы арқылы несие рәсімдеп ірі мөлшерде ақшаларын алған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 3 млн 380 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта тергеу барысында оның осыған ұқсас 4 қылмыстық дерекке қатыстылығы анықталып жатыр. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.